Биыл Талдықорған-Үшарал жолы аяқталады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында індетке қарамастан өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 18,8 млрд. теңгеге 487,7 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылғаннан бастап 3,2 млрд. теңгеге 97,2 шақырым жол жөнделген. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл өңірдегі 240 елді мекеннің ауылішілік жолдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Жыл соңына қарай сапасы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 89 % жетеді. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 95 процент болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алматы - Өскемен» автожолының «Талдықорған – Үшарал» бөлігі, «Үшарал-Достық» автожолының реконструкциясы биылғы жылы аяқталады. Бұл Алакөл көліне барушылар қатарын арттыруға ықпал етпек. Балқаш көлінің жағалауына баратын ұзындығы 140 шақырым жол қайта жаңартылып жатыр. Көлсай көліне жеткізетін жол құрылысы аяқталған. Ал Қайыңды көліне жеткізетін 12 км жолды жөндеу жұмыстары биылғы жылы басталады. «Алтынемел» Ұлттық паркіне дейінгі жолды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.


Соңғы жаңалықтар