Биыл сумен қамтамасыз етуге бюджеттен 117,5 млрд теңге бөлінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен 117,5 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында республикада елді мекендерде сумен жабдықтау әрі су бұру желілерін салуға, сондай-ақ қайта жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы республикалық бюджеттен 404 жобаны іске асыруға 125 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде қалалық сумен жабдықтауға (84 жобаны іске асыру) – 53,9 млрд теңге, ауылдық сумен жабдықтауға (320 жобаны іске асыру) 71,1 млрд теңге қарастырылды», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Биыл 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен 313 жобаны іске асыруға 117,5 млрд теңге қарастырылды. Соның ішінде: қалаларда (68 жоба) - 47,1 млрд. теңге; ауылдарда (245 жоба) – 70,4 млрд теңге.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтерін қалаларда – 97,5 пайызға, ауылдарда - 87,7 пайызға, ал қалалардағы ағынды суларды тазартумен қамтуды 74,9 пайызға жеткізу жоспарлануда», - делінген министрлік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар