Биыл су қоймаларына 45 млн-ға жуық шабақ жіберілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдың басынан балық шаруашылығы су қоймаларына 45 млн-ға жуық шабақ жіберілді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл сайын жас балықтардың су айдындарын жасанды жолмен көбейту және балықтандыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырыс аясында биылдың басынан балық шаруашылығы су қоймаларына 45 млн-ға жуық шабақ өсіріліп, жіберілді. Жыл соңына дейін тағы 29 млн дана шабақты, оның ішінде 7 млн дана бекіре шабағын жіберу жоспарланған», - деді Н. Жүнісов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, балықтардың мекендеуі мен уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстар аясында 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін Жайық және Қиғаш өзендерінде балық жүретін каналдарда су түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғыда осы өзендерде 2018 жылмен салыстырғанда балық аулау көлемін 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осындай жұмыстарды келесі жылдары да жалғастыру жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында балық қсіру қай деңгейде артатыны айтылды.



Соңғы жаңалықтар