+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Биыл СҚО-ның 18 мектебіне оқушылар автобусы сатып алынды

2021 жылғы 23 шілде 22:57
Бөлісіңіз:
Биыл СҚО-ның 18 мектебіне оқушылар автобусы сатып алынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының 18 мектебіне шағын автобустар сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік кәсіпкер 9 оқушысы бар ауылға мектеп салып берді Президент тапсырмасы: Алматыда сегіз мектеп салынып жатыр ЖОО-ларды бақылау сапасын арттыру үшін аналитикалық платформа қажет – Сергей Пен

СҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қатынап оқитын оқушылардың мәселелері біртіндеп шешіліп жатыр. Биыл балаларды тасымалдау үшін 18 мектепке шағын автобус сатып алынды.

Балалар қатынап оқитын мектептердің бірі – Петропавлдағы Кирпичный шағын ауданындағы №12 білім ордасы. Бұл мектепте 60 оқушы келіп оқиды. Олар күнделікті сабаққа қатысу үшін 4 км жол жүрулері тиіс. Жол машақатын тартқан балаларды тасымалдау үшін мекемеге ГАЗель автокөлігі сатып алынды. Осы мақсатқа бюджеттен 12 млн теңге бөлінді.

Мектептері жоқ шағын ауылдардың балалары күнделікті немесе апта сайын қатынап оқиды. Олардың көпшілігінде оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған. Былтырғы оқу жылында 158 елді мекеннен 1,5 мыңнан астам оқушы тасымалданды. Оларың 984-і мектепке күнде барып-келіп оқитындар. Балаларды тасуға 124 көлік бөлінген.

Былтыр мектептердің автопарктерін жаңарту мақсатында 42 шағын автобус сатып алынды. Биыл тағы 18-і қатарға қосылды. Нәтижесінде облыстағы мектептердің автопаркі 50 %-ға жаңартылады. Бұл жұмыс келер жылы жалғаспақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT