+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Биыл ШҚО-ның мониторингтік топтары 20 мыңнан астам рейд жүргізді

2021 жылғы 22 қыркүйек 17:50
Бөлісіңіз:
Биыл ШҚО-ның мониторингтік топтары 20 мыңнан астам рейд жүргізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов өңірдегі вакциналау жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 27 адам көз жұмды Қазақстанда 49 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделуде Коронавирустан жазылғандар саны 878 мыңнан асты

«2021 жылдың ақпан айынан бастап облыста халықты КВИ-ге қарсы вакциналау басталды. Вакциналауға жататын халықтың 91 пайызы екпенің 1 компонентін алды, ал вакциналауды аяқтағандар – 73 пайызды құрады» - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 21 қыркүйектегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында «ASHYQ» жобасына 8459 субъект қатысып жатыр. Оның ішінде ресми қатысушылар - 8071, тестілеу объектілері – 388. Ал 71 нысында шектеу іс-шараларының бұзылуы анықталды.

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин кезеңінде қызметін жүзеге асыратын объектілердің санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылды. Бүгінгі күні облыс бойынша 200 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2021 жылғы 1 қаңтардан 21 қыркүйекке дейін Шығыс Қазақстан облысының мониторингтік топтары 20 700 рейд жүргізді, 59780 объекті тексеріліп, 5310 нысанда талаптарды бұзу анықталды. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 21 қыркүйегіне дейін 2761 рейд жүргізілді, 9464 объект тексерулермен қамтылып, оның 237-інен ереже бұзу фактілері анықталды», - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT