Биыл ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қатысты 165 қылмыс тіркелген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 9 айда атқарылған жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың 9 айында 730 мыңнан астам адам қамтылған 1700 шара өткізілген. Ал ТЖ енгізілген уақыттан бастап онлайн-форматта 600 шара ұйымдастырылып, 500 мыңнан астам адам қамтылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-насихаттау жұмысы аясында 155 баннер орналастырылды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін 90-нан астам бейнеролик әзірленіп, белсенді жастар мен дін өкілдерінен тұратын өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды. Республикалық комиссия мүшелері әлеуметтік маңызы бар объектілерге мониторинг жүргізіп, мемлекеттік гранттарды беру үшін өтінімдерді іріктеу жөніндегі комиссияның жұмысына белсене атсалысты. Сұранысқа ие дәрі-дәрмек бағаларын қадағалау және шетелден келетін гуманитарлық көмекті бөлу жұмыстарын ұйымдастыру да жолға қойылды», - дейді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты 165 қылмыс тіркелді. Оның ішінде пара алу және беру, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және бюджет қаражатын жымқыру фактілері болған.

«Біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 13 сыртқы талдау және 11 сыбайлас жемқорлық фактісіне қарсы бақылау шараларын жүргізіп, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру жою бойынша тиісті ұсынымдар енгіздік. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай терезесі жобасы іске асырылып жатыр. Соның аясында мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі», - деді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.


Соңғы жаңалықтар