Биыл Сарыағашқа 70 мыңға жуық турист келген

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданына ағымдағы жылдың тоғыз айында 70 мыңға жуық турист келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Мұхит Отаршиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан басшысының сөзінше, бүгінде 47 емдік сауықтыру және 1 балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері мен гольф клубы және 21 қонақ үй қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, биыл туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 450 млн теңге болатын 4 нысан іске қосылып, 80 адам жұмыспен қамтылған. Ауданның құрылыс және инфрақұрылым салаларында да атқарылған жұмыстар көп.

«Биыл ауданда жалпы 4,3 млрд теңгеге 22 нысанның құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде, ауыз сумен қамту бойынша 2 нысан, тұрғын үй құрылысы бойынша 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 8 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, қалған 10 нысан келесі жылға өтпелі болады. Халықты табиғи газбен қамту үлесі жөнінде айта кетсем, өткен жылы 50,7 пайыз болса, биыл көрсеткішті 69 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ал, ауыз сумен қамту бүгінгі таңға 50,7 пайыз болса, үстіміздегі жылдың соңына дейін 56,3 пайызға жеткіземіз деп отырмыз. Сапалы электр энергиясымен аудан халқының 98,5 пайызы қамтылған», – деді аудан әкімі.


Жалпы ауданда биыл республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 55,2 шақырымды құрайтын 34 көшені орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жаңа көпір салынып, бұл жұмыстарға 1 591,7 млн теңге қаржы қаралған. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар