+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Биыл өңірлерде 4 мыңнан астам шақырым жол жөнделеді

2020 жылғы 4 наурыз 12:30
Бөлісіңіз:
Биыл өңірлерде 4 мыңнан астам шақырым жол жөнделеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда жергілікті жол желілерін дамытуға 262 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа автомобиль жолдарының 4,3 мың шақырымын жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикалық маңызға ие жолдардың жағдайын жақсартумен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктерге де қолдау көрсетеді. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды дамытуға 2020 жылы 208 млрд теңге бағытталса, оның 115 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 93 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінбек. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының көше желісін дамытуға 50,2 млрд теңге бөлінсе, 4,1 млрд теңгеге елорда мен Алматы қаласы маңындағы жер телімдері сатылып алынады. Жалпылай алғанда, 350 жоба іске асырылмақ. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жергілікті жол желісінің сапасын 75% дейін жеткізу жоспарланған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 71% құраған еді», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.

2019 жылы жөндеу жұмыстарымен қамтылған жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 4 617 шақырымды құрады. 386 жоба іске асырылды. Жалпы жергілікті жол желісін дамытуға 260,7 млрд теңге, соның ішінде облыстық және аудандық маңызға ие жолдарды дамытуға 203 млрд теңге, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының көше желісін дамытуға 57,7 млрд теңге бөлінген болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 70,9 мың шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынмен жүзеге асырылған жағдайда жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі 2025 жылға қарай 95% дейін жеткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT