Биыл облыстық және аудандық жолдарға 76,6 млрд теңге бөлінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға 76,6 млрд теңге көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 71 мың шақырымды құрайды. Атқарылған жұмыстар есебінен өткен жылдары жергілікті жолдардың 75 пайызы нормативтік жағдайға келтірілді. Биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға 76,6 млрд теңге көзделіп отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның атап өтуінше, бөлінген қаражат есебінен жол жөндеу жұмыстарының барлық түрімен 1,3 мың шақырым қамтылады.

«2025 жылға дейін 27 мың шақырым жолды барлық жұмыс түрімен қамту көзделген. Жалпы жолдың 95 пайызын нормативтік жағдайға жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша, 3 мыңнан астам ауылды кірме жолдармен қамтамасыз етеміз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар