Биыл «Нұрлы жермен» Талдықорғанда 166 коттедж пайдалануға беріледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанның оңтүстік-шығыс ықшам ауданында коттедж қалашығының құрылысы қызу жүріп жатыр. Биыл жыл соңына дейін 166 коттедж аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде халық алдында есеп берген қала әкімі Бағдат Қарасаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданында коттедж қалашығының құрылысы басталды. Бұл мақсатқа 104 гектар жер бөлініп, инженерлік желілері тартылды. Жобаға сәйкес мұнда 606 пәтерге арналған 570 коттедж салынады. Биыл жыл аяғына дейін 202 пәтерге арналған 166 коттедждің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда», деді қала басшысы.

Сондай-ақ, биыл Талдықорғанда 9 көпқабатты үй салынып, 1 мыңнан аса тұрғын қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Оның ішінде 6 несиелік,1 арендалық, 2 коммуналдық көпқабатты үй бар.

Ал қала бойынша баспана кезегінде 15 мыңнан астам тұрғын тұр.

Соңғы жаңалықтар