Биыл Нұр-Сұлтанда 150 мыңға жуық пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері 147 173 елорда тұрғыны Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры тарапынан тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры тарапынан мақсатты топтағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп жатыр. 2021 жылдың І жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласында 5, 43 млрд теңге сомасына 438 057 тегін рецепт бойынша 147 173 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді» деп атап өтті Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров ZOOM платформасында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қор денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерген.

«Биыл бұл мәселені шешуде ілгерілеу бар, алдағы уақытта да бұл проблемаға мониторинг жүргізіледі. Себебі, біздің қор пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша СҚ-Фармация және медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды», - дейді ол.

Бұған дейін елордада амбулаториялық-емханалық медициналық қызметке бөлінетін қаражат көлемінің артатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар