Биыл мұнай және газ-химия өнімдері өндірісінің көлемі қандай болмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы мұнай-газ-химия өнімдерін өндіруді 400 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни жоғары бөліністегі мұнайгаз-химия өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жаңа кәсіпорындар іске қосылып, хош иісті көмірсутектер, майлар мен полипропилен өндіруші жұмыс істеп тұрған зауыттардың өнім шығару көлемінің ұлғаюына байланысты жыл сайын мұнай және газ-химия өнімдері өндірісінің өсуі байқалады. Осылайша, 2020 жылы 360 мың тонна өнім шығарылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 есе артық. Экспортталған өнімдердің үлесі 80 пайыз», - деді министр.

Бұл ретте, олардың қолданыстағы қуаты 41 пайызды немесе 360 мың тоннаны құрайды.

Ал 2021 жылы мұнай және газ-химия өнімдерін өндіруді 400 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.


Соңғы жаңалықтар