Биыл мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 71 млн тоннаны құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы жылдың қаңтарынан қазан айына дейін мұнай және конденсат өндірісінің көлемі 71,6 млн тоннаға жеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 айдың ішінде мұнай және конденсат өндіру көлемі 71,6 млн тоннаға жетті. Бұл - осы жылдың 10 айының жоспарына сәйкес - 100,2 пайыздық көрсеткіш», - деді Нұрлан Ноғаев.

Соның ішінде мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

- ТШО-да аталған кезеңде 22,2 млн тонна мұнай өндірілді, бұл жоспардың - 99,9%-ы;

- НКОК-та мұнай өндіру көлемі – 12,7 млн тонна, яғни қаңтар-қазан айларының жоспары - 100% орындалды;

- КПО-ның көрсеткіші 10 млн. тоннаны құрап отыр, ағымдағы жылғы 10 айдың жоспарымен салыстырғанда 102%-ды көрсетті.

Есеп беріліп отырған кезеңде 57,5 млн тонна мұнай экспортталып, осы жылдың 10 айының жоспары 100%-ға орындалған.


Соңғы жаңалықтар