Биыл Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 400 өтініш келіп түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне 400 өтініш келіп түсті. Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдардың негізсіз бас тартуларына, қызмет берушілердің заңсыз іс-әрекеттеріне және оларды сапасыз қызмет көрсетулеріне қатысты түседі», - делінген агенттік мәліметінде.

Жер қатынастары, сәулет-қала құрылысы қызметі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары мемлекеттік қызметті алу кезінде азаматтар заңсыз әрекетермен кезігетін және сәйкесінше мемлекеттік органның әрекетіне шағымдану мақсатында жүгінетін салалар болып отырғанын ескеру керек.

«Орталық мемлекеттік органдар арасында қызмет алушылар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі (оның ішінде «Азаматарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ) және Әділет министрліктері қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне көп шағымданады», - деп аталып өткен агенттік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар