Биыл Маңғыстау өңірінің қандай ауылдары интернетпен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың соңына дейін Маңғыстау облысына қарасты 8 ауылға интернет желісі тартылады.

Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдан бастап ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетігі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету аясында «Жоғары оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету« жобасы жүзеге асырылып жатыр», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, аталған жоба аясында 2020 жылдың соңына дейін Маңғыстау облысына қарасты 8 ауылдық елді мекеннің 26 мемлекеттік органы мен мекемесі кең жолақты интернетке қол жеткізетін болады.

«Олар: Батыр, Құланды, Сенек, Оңды, Тұщықұдық, Шайыр, Шебер, Жынгелді ауылдары. Бұған қоса, 29 ауылдық елді мекеннің (Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқарған аудандарының жекелеген ауылдары) әрбір абоненттік құрылғысын кемінде секундына 3 Мбит жылдамдықпен қосылуға мүмкіндігі бар төртінші буынның мобильді байланысымен қамтамасыз ету жоспарланған», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар Премьер-Министрі депутаттар көтеріп отырған бұл мәселенің Үкіметтің тұрақты назарында екендігін атап өтеді.


Соңғы жаңалықтар