Биыл күзге дейін Қазақстанда қанша адам вакцина алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл күзге дейін елімізде қанша адам вакцинамен қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өндірушілермен келіссөздер жүргізуді ескере отырып, биылғы қыркүйек айына дейін Қазақстанда 10 миллионға жуық адамды немесе қамтылуы тиіс контингенттің 100 пайызын вакцинаға қолжетімдігін қамтамасыз ету жоспарланған», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігі елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой ел өңірлеріне қанша вакцина жеткізілгенін айтты .

Сәуірде еліміздің 2 миллионға жуық адамын вакциналауға қолжетімдігін қамтамасыз ету ескерілген.

Сонымен қатар қазіргі уақытта өңірлердегі иммундау іс-шаралары 916 екпе пунктінде жүргізіліп жатыр .


Соңғы жаңалықтар