Биыл Қостанай облысында үш мектеп ашылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда жаңа мектептер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Баймақанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айжан Баймақанова облыстың білім беру объектілерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, былтыр өңірде жаңа үш мектептің құрылысына бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді.

«Жаңа оқу жылынан бастап «Әуежай» шағын уданының жас тұрғындары 900 орынға арналған жаңа мектеп табалдырығын аттайды. Қостанай қаласында «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орынға арналған мектептің құрылысы басталған. Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында жалпы құны 1,2 млрд теңгеге мемлекеттік тілде оқытатын 320 орынға арналған оқу орны пайдалануға беріледі. Бұлардан бөлек, облыстағы 21 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Ауыл - Ел бесігі» жобасы бойынша бес мектеп ретке келеді. Осы мақсатқа республикалық және облыстық бюджет қаражатынан 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді», - деді Айжан Баймақанова.

Сонымен қатар 113 мектепте орташа жөндеу жүргізіледі. Олардың барлығы 1 қыркүйекке дейін аяқталады.


Соңғы жаңалықтар