Биыл көктемде Атырау балықшылары 13 мың тоннаға жуық балық аулайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының балықшылары көктемгі маусымда 13 мың тоннаға жуық балық аулайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, көктемгі балық аулау маусымына 18 балық шаруашылығы кәсіпорны кіріскен.

Оның ішінде бекіре шабағын өсіретін екі зауыт бар.

«Биылғы көктемгі балық аулау маусымында табиғат пайдаланушылары Жайық-Каспий бассейнінен 13 мың тоннаға жуық балық аулауды жоспарлап отыр. Балық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарда 4500-ге жуық адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылады», -деді Артур Сәдібекұлы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көктемгі балық аулау маусымы басталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар