Биыл Қазақстаннан өзге елге 22,6 мың адам көшіп кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жыл басынан бергі 8 айда Қазақстанға көшіп келгендер саны 6,3 мың болса, көшіп кеткендері – 22 мыңнан асып жығылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарының мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізге тұрғылықты тұруға 6339 адам келген. Елімізден кеткендер саны 22685 адамды құрады. Солайша, көші-қонның айырымы -16346 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 84,1% және 86,1% құрайды.

«Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,3% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (20235 адам), Нұр-Сұлтан (18390 адам), Шымкент (9276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).


Соңғы жаңалықтар