Биыл қазақстандық 50 компания Alibaba платформасынан аккаунт алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда электронды коммерцияны дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру бағыты бойынша электронды коммерцияны дамыту жағынан үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Пандемия бір жағынан біздің қазіргі бағдарламаларымызды үйлестіру және оларға өзгеріс енгізу шаруасын едәуір ынталандыра түсті. Кейінгі жылдары электронды коммерцияның деңгейі өсіп бара жатқанын түсінеміз. Алайда аймақтарда оның құралдарын дамыту керек», - деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бұл ретте тек электронды сауда алаңдары туралы ғана емес, логистика, төлем жүйелері мен фулфилмент орталықтары, бондты қоймалар, тауарлар мен қызметтердің тасымалдаушылары секілді инфрақұрылымдар туралы айтып отырғанын жеткізді.

«Біз сонымен қатар трансшекаралық сауда саласында электронды алаңдарға көбірек мән беріп келеміз. Сауда және интеграция министрлігі Alibaba платформасына 50 компанияны шығару бойынша аса ауқымды жұмысты атқарды. Биыл тағы 50 компания аталмыш платформада аккаунтқа ие болады. Біз сонымен бірге компанияларымызды басқа да электронды сауда алаңдарына шығару үшін Ресей, Канада, Еуропа елдерімен қызу жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар