+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Биыл Қазақстанда «Е-saraptama» ақпараттық жүйесі іске қосылады

2020 жылғы 22 ақпан 12:20
Бөлісіңіз:
Биыл Қазақстанда «Е-saraptama» ақпараттық жүйесі іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл «Е-saraptama» ақпараттық жүйесі іске қосылады.

Бұл жайында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот-сараптама органдарының инфрақұрылымын одан әрі оңтайландыру және жетілдіру аясында материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізілуде. Сот сараптамалары орталығының 2019 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес жалпы сомасы 800,6 млн теңгені құрайтын зертханалық құрал-жабдықтар сатып алынды. Ал 2020 жылға 902,3 млн теңге жоспарланған. «Е-saraptama» ақпараттық жүйесін әзірлеу және оны ҚР Жоғарғы Сотының «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, ҚР Бас прокуратурасының «Е-қылмыстық іс» ақпараттық жүйесімен және ҚР ЦДИАӨМ «Е-лицензиялау» МДҚ» ақпараттық жүйесімен біріктіру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жылы өндірістік пайдалануға беру жоспарланған. Жүйені іске қосу үшін жалпы 579,5 млн теңгеге институттардың материалдық-техникалық базасы дайындалды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Сот сараптамалары орталығы құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымын автоматтандыру мақсатында жалға алу негізінде «Documentolog» ақпараттық жүйесін сатып алған.

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында геномдық сараптама нәтижелерін тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді сатып алуға жалпы сомасы 141,8 млн теңге шығындары қолдау тапты», - деді Марат Бекетаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT