Биыл Қазақстанда 95 мыңға жуық баспана пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 10 айында елімізде барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш бойынша 15 өңірде оң динамика байқалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 110,7 пайызды құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Мысал ретінде айтқанда Қызылорда облысында магистральдық газ құбырын, электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстары аяқталды. Батыс Қазақстан облысында «Каспий құбыр консорциумы» КҚК магистральдық газ құбырын салу бойынша негізгі жұмыстар шегіне жетті», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы саласында биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 10 млн 744 мың шаршы метр баспана салынған.

«Республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 34 535 жеке тұрғын үй). 15 өңірде бұл салада көрсеткіш артты», - деп түйді ол.


Соңғы жаңалықтар