Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда рекордты көрсеткіштерге жетеді - Владимир Путин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналым рекордты көрсеткіштерге жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына РФ Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл шынымен де қарқынды, көп жоспарлы, екіжақты тиімді сипатқа ие. Біз бастапқыдан қарым-қатынасты осылай құрған едік. Бірінші кезекте ол сауда-инаестициялық салаға қатысты болып тұр. Биылғы жеті айда екіжақты тауар айналым 34 пайызға артып, біздің мәлімет бойынша 14 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Владимир Путин.

Оның пайымынша, биыл осы бағытта елеулі көрсеткіштер болады деп күтілуде.

«Жыл қорытындысы бойынша өзара сауда 20 млрд доллар рекордты көрсеткішке жетеді деп ескеріліп отыр. Бұл тұрғыда өңіраралық ынтымақтастықтың үлесі зор», - деді РФ Президенті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Көкшетауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтіп жатыр.

ҚР Президенті Қ. Тоқаев ел аумағында орман алқабын арттыру жұмыстарын айтты.


Соңғы жаңалықтар