Биыл Қарағанды облысында картоптың мол өнімі жиналды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қарағанды облысының алқаптарынан 270 мың тонна картоп жиналды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Абай ауданына жұмыс сапары барысында «Шанс» шаруа қожалығында болды.

Аталған қожалық Қарағанды облысындағы ең ірі ауылшаруашылық кәсіпорны. Мұнда картоп, дәнді және жемдік дақылдар өсіріледі, мал шаруашылығы да бар.

Өнімдер Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтанға жеткізіледі. Бұл Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысатын біздің аймақтағы жалғыз шаруа қожалығы емес.

Мысалы, «Топар жылыжайлары» ЖШС жыл сайын өз өнімінің үштен бірін елордаға жөнелтеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында астанаға 800 тонна қияр, қызанақ және бұрыш секілді көкөністерді жөнелтілді.

Жеңіс Қасымбек кәсіпорында болып, «Топар жылыжайлары» ЖШС директоры Сұлтан Мүрсәлімовпен әңгімелесті. Оның айтуынша, қазір жылыжай үшін басты мәселе – жарықтандыру болып отыр.

«Қияр өсетін жаңа жабық кешеннің бір бөлігі жарықтандырылмаған – электр желілерінің қуаты жетіспейді. Бұл өнімділікке тікелей әсер етеді. Егер қазір біз шаршы метрден 43 тонна жинайтын болсақ, онда жарықтандыру арқылы 100 тонна жинайтын болар еді», - дейді Сұлтан Мүрсәлімов.

Абай ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Тасзаимка кентіне апаратын жолды қарап шықты. Өңір басшысы көктемгі су тасқынының алдын алу үшін оны күрделі жөндеу өткізу және биіктету үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.

Әкім сондай-ақ «Восточная» орталық байыту фабрикасының және Топарадағы ГРЭС жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар