Биыл қанша отандық тауар сертификатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл қанша отандық тауар сертификатталды? Бұл сұраққа Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сертификатталған тауарларға келетін болсақ, жылына 200 мыңға жуық партия сертификатталады. Алайда, биыл пандемияға байланысты бұл көрсеткіш төмендеді. Бүгінгі күні 180 мың құжат берілді», - дейді Қайнар Тайжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекетаралық стандарттардың мәртебесі қандай екені туралы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік стандарттар Қазақстан аумағында ақысыз жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар