+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Биыл қанша ауыл әкімі сайланады

2021 жылғы 24 маусым 11:58
Бөлісіңіз:
Биыл қанша ауыл әкімі сайланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың соңына дейін 755 ауыл әкімі сайланады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізде білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауға көшу туралы тапсыра берген болатын. Осы жылдың 24 мамырында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау мәселелері жөніндегі заңға қол қойылды. Бұл бастама жергілікті өзін өзібасқару институттарын жаппай енгізу тәжірибесі арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар топтамасын біртіндеп жүзеге асыруға бағытталған», - деді ол ОСК отырысы барысында.

Константин Петровтың дерегінше, елімізде 2 346 ауыл әкімі бар. Олар жаңа норма енгізілгеннен кейін өкілеттік мерзімдері аяқталған соң тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болады.

«Осы жылдың соңына дейін аталған санатқа кіретін шамамен 775 әкімді сайлау жоспарланып отыр. Осылайша, азаматтардың тікелей сайлау арқылы мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту принципі біртіндеп жүзеге асырылады. Тікелей сайлау арқылы ауылдық аумақтарды басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру процесіне шамамен азаматтардың 40 пайызы тартылады», - деді төраға орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT