Биыл Индустрияландыру картасы аясында 112 жоба іске асады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Индустрияландыру картасы аясында 112 жоба жүзеге асады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы сын-тегеуірін аясында экономиканың өндірістік өз-өзіне жеткіліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. Ұлттық экономиканың өнеркісіптік әлеуетін күшейту жұмыстары аясында Индустрияландыру картасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, 2021 жылы агроөнеркәсіп кешенінде, металлургияда, химия және жеңіл өнеркәсіпте, құрылыс индустриясында, машина жасау саласында жалпы сомасы 2 трлн теңгені құрайтын 112 жоба жүзеге асырылады.

«Бұл шамамен 13,4 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі өсімін 10 пайызға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар