Биыл фармацевтика саласында өсім болды - ҰЭМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңдеу өнеркәсібі саласында жоғары өсім Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-шілденің қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңдеу өнеркәсібі озық қарқынмен өсуде. Өсім 3,8 пайызды құрады. Бұл өсім негізінен фармацевтиканың 23,2 пайызға, дайын металл бұйымдарын өндірудің 18,6, машина жасаудың 13,9, оның ішінде автомобиль жасаудың 45,1, жеңіл өнеркәсіптің 7,3 пайызға өсуімен қамтамасыз етілді», - деді министр.

Өңірлер бойынша жоғары өсім Қостанай (18,9%-ке), Түркістан (15,8%-ке), Солтүстік Қазақстан (8,8%-ке) облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Ақтөбе (-4,4%), Павлодар (-0,8%) және Батыс Қазақстан (-0,1%) облыстарында және Шымкент қаласында (-1,1%).

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-шілденің қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері қаралуда.



Соңғы жаңалықтар