Биыл елордалық еріктілер 145 ардагерге тегін азық-түлік себетін таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қалада жаңа жыл қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жыл қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» және «Адреса заботы» акцияларын өткізуді жөн көрдік. Бұл акцияны біз 3 жыл бойы тұрақты ұйымдастырып келеміз. Шара аясында еріктілер жалғыз басты немесе қараусыз қалған қарияларға азық-түлік таратамыз және қыстыгүні аула қарын тазалауға көмектеміз. Бүгін біз 11 ардагерге азық-түлік себетін сыйға тарттық. Олардың арасында аз қамтылған және тыл ардагерлері бар. Және бүгінгі шараға 10 волонтер қатысты. Жалпы биыл 145 азық-түлік себеті аз қамтылған, тыл ардагерлері және көпбалалы отбасыларға таратылды», - деді қалалық әкімдікке қарасты «Астана жастары» мемлекеттік мекемесі Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің жетекшісі Эльвира Есмұқанова.

Оның айтуынша, жалпы азық-түлік тарату жұмысына 200-ге дейін волонтер қатысқан.

«Бізде қалалық ардагерлер кеңесі бар, олармен тығыз байланыстамыз. Яғни аталған кеңес бізге көмекке мұқтаж жандардың тізімін береді, біз өз кезегімізде қолұшын созамыз. Яғни біреуіне азық-түлік алып берсек, екіншісінің ауласындағы қарын тазалаймыз. Біз негізінен қар тазалау жұмысымен наурыз айында айналысатынбыз. Дегенмен биыл қар қалың түсіп жатқандықтан жұмыс көлемін азайту үшін осы бастан кірістік. Қар тазалау жұмысына қыс бойы 600-700 еріктіні тартамыз», - деді ол.

Бөлім басшысының мәлімдеуінше, бір күнде еріктілер 2-ден 10-ға дейінгі үйдің қарын тазалайды.

Соңғы жаңалықтар