Биыл елордада 12 мектеп салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар оқу орындарының құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала тұрғындарының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға түсетін жүктеме артып келеді. Білім нысандары әсіресе халық көп шоғырланған елді-мекендерде салынып жатыр. Бүгін бірқатар оқу нысандарының құрылыс барысымен таныстым. Қазіргі №60 мектеп-лицей аумағында (Кубрин көшесі 21/1) тағы бір мектеп салып жатырмыз. Мектеп аумағын кеңейтеміз. Бұл мектептің жүктемесін азайтып, жаңа оқу орындарын құруға мүмкіндік береді. Биыл осы мектепті пайдалануға береміз. Абаттандыру жұмыстарына назар аудару қажет. Былтырмен салыстырғанда биы екі есе көп мектеп саламыз. Биыл салынатын мектеп саны - 12. Келесі жылдарға да дайындықты естен шығармадық. Ұлы Дала мен №39 көше қиылысында орналасқан білім ордасы 1 200 оқушыға есептелген (екі ауысымда – 2 400). 2021 жылы пайдалануға беріледі. Мектеп құрылысына жеке инвестордың қаражаты жұмсалады»,-деп жазды Алтай Көлгінов Instagram -дағы парақшасында.


Соңғы жаңалықтар