Биыл электрондық үкімет порталынан 100 мың адам зейнетақы жарнасы туралы анықтама алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері «Электрондық үкімет» порталы арқылы 100 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жарнасы туралы анықтама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында, Мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет, сонымен қатарп электрондық цифрлық қолтаңба болуы керек.

«Біржолғы парольді немесе ЭЦҚ-ны пайдалану арқылы Порталда авторизациядан өтіп, «Әлеуметтік қамсыздандыру» қосымша бетінде «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдап, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу керек. Содан кейін өтінімді толтырып, авторизация жасалынған тәсілмен оған қол қою қажет», делінген хабарламада.

10 минут ішінде жеке кабинетке зейнетақы аударымдары туралы анықтама келеді.

EGov.kz порталында зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты көптеген қызметтер бар. Сондықтьан үйден шықпай-ақ анықтамалар мен қажетті ақпаратты алуға балады. Ол үшін мына сілтемеге өтіп, тиісті қызметті таңдау керек.

Еске сала кетсек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеуінше, биыл 25 анықтама құжат айналымынан шығарылады. Бұл туралы етті.
Соңғы жаңалықтар