Биыл бюджеттен су тасқынына қатысты ешқандай шығын болған жоқ – Сергей Громов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде су тасқыны болатын кезең аяқталды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің сайтында өткен онлайн сұхбатта айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын жер телімдері заңсыз берілген. Бұрын да, қазір де су маңына жақын жерге құрылыс салуға тырысатындар көп. Бұлай етуге болмайтынын айтқым келеді. Табиғат, су әрдайым өз дегенін істейді. Мысалы, өзен арнасын бірнеше шақырым қашықтыққа бұрып тастады делік, ал 50-100 жылдан кейін ол өз арнасын тауып алмайтынына кепілдік жоқ», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Ол су маңына үйлер мен саяжай салуға болмайтынын айтты.

«Алматыдан бастап Оралға дейін барлық өңір үй, саяжайды су маңына салады. Сосын саяжайды су басады. Мұндай жағдайда бір ғана шешім – су маңында тұратындарды басқа ауылға көшіру керек немесе суды дамбымен қоршау керек. Жалпы алғанда су тасқыны болатын кезең аяқталды. Су басқан саяжайларда ешкім зардап шекпеді. Әзірге мемлекет бюджетінен су тасқынына қатысты ешқандай шығын болған жоқ», - дейді Сергей Громов.


Соңғы жаңалықтар