Биыл балық аулау маусымында республикада 25 балықшы құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті адамдардың (балықшы) суға кету жағдайларының алдын алу бойынша Нұр-Сұлтан қаласы су қоймаларында профилактикалық рейд шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балық аулау маусымы басталғалы бері Төтенше жағдайлар департаменттері қыста ТЖ залалдарын азайтуға және адам шығындарын болдырмауға бағытталған шаралар кешенін анықтады.

Еліміз бойынша 36 (2018 жылы - 59) мұзды автокөлік өткелдері, 109 (46) жаяу жүргіншілер өтпе жолдары және 968 (415) мұзасты балық аулау орындары анықталды.

Өткелдер мен өтпе жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 4681 (2018 жылы -2164) ескерту белгілері орнатылды (маңдайшалар).

Күн сайын мұз өткелдері, өтпе жолдар мен мұзасты балық аулау орындары орналасқан жерлерде мұздың пайда болуын бақылау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Биылғы жылдың 10 желтоқсанындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 30 см-ді құрайды. (Жаяу жүргіншілер үшін мұздың қалыңдығы 12см-ден аспауы керек).

ТЖД қызметкерлері мен балық шаруашылығы инспекциясы 1,6 мыңнан астам рейд жүргізіп, оның ішінде балық аулау құралдарын сататын көтерме сауда орындарында балықшыларға 25 мыңнан астам нұсқаулық таратылды, 55 632 адамды қамтыған мұзды өткелдерге тұрақты келушілермен және балықшылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Еліміздің оқу орындарында 150 мыңнан астам оқушы қамтылған 291 (2018 жылы -111) интерактивті сабақ өткізілді.

Соңғы жаңалықтар