+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель қандай бағамен беріледі

2020 жылғы 21 ақпан 17:48
Бөлісіңіз:
Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель қандай бағамен беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель отыны нарықтағы бағадан 10 пайыз арзанға берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда аязға төзімді дизель отыны өндіріле бастады

«Биыл Энергетика министрлігімен келісім бойынша егіс жұмыстарын жүргізуге ақпан-маусым айларында шамамен 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ауа райының күрделі жағдайларын ескере отырып, облыстардың өтінімі бойынша қосымша 10 мың тонна бөлініп отыр. Бұл барлық өңірлердің дизель отынына қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді», - деді Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде.

Вице-министр бұл ретте республика аграршыларына энергетика министрлігі қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді.

«Қазір кесте Ауыл шаруашылығы министрлігі және Энергетика министрлігімен келісіліп, жұмыс істеу үшін өңірлерге жіберілді. Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынының бағасы литріне - 177 теңге (ЖҚС-да литрі - 195 теңге) болады. Бұл нарықтағы бағадан 10 пайыз арзан», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT