Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясына байланысты ағымдағы жағдай азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері басты мәселелердің бірі болғанын көрсетті. Биыл қазақстандық ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артқанын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылып, 22,5 млн гектарға дейін жеткізілді», - деді ол.

Бұл ретте министр егіс алаңдарының құрылымында мынадай рентабельділігі жоғары дақылдардың: майлы дақылдардың 122,2 мың гектарға, азықтық дақылдардың 308,6 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылдарының 11,5 мың гектарға жеткізу), сондай-ақ жоғары сұранысқа ие қарақұмықтың 30,9 мың гектарға өсімі қамтамасыз етілгенін айтты.

«Жалпы жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемін 3,1 трлн теңгеге, яғни жоспарланған индикаторларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Сапархан Омаров.


Соңғы жаңалықтар