Биыл астанада жұмыс істейтін жастарға 1 мыңнан астам пәтер бөлінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 2021 жылы «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасады. Биыл 1050 пәтер беріледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет жас ұрпақты қолдау үшін барлық жағдайды жасайды. Олар еліміздің қозғаушы күші және болашағы болып есептеледі. Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылы елордада жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Сол кезде мыңнан астам адам жалдамалы пәтерлерге ие болды. Осы уақыт ішінде олар аяққа тұрып, белгілі бір көлемде капитал жинауына мүмкіндік туады. Қаңтар айында біз тағы 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Ал 2021 жылдың соңына қарай тағы 1050 пәтер беріледі», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы елордада жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайды. Биыл бұл жұмыстар да жалғасады.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу, лифтілерді ауыстыру және тұрғын үй кешендерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, тұрғын үй сертификаттарын алушылар мен тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санаттары кеңейтілді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификаттарының көлемін 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтуға бастамашылық жасады.

Жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үйдің рекордтық көлемін салуға үй құрылысы комбинаттары көмектеседі.

Инновациялық технологиялар құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үй сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар