Биыл Астанада 12 нысан жекешелендіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарға сәйкес, биыл елордада 12 нысан жекешелендіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні 3 заңды тұлғаға қатысты белгіленген тәртіппен бағаны төмендету бойынша сауда-саттықтың 2-ші кезеңі өткізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, «Астана Тазарту» ЖШС (65 933 542 теңгеге сатылды) мен «Астана-Миллениум KZ» ЖШС (34 245 358 теңгеге сатылды) бағасы бағаланған құннан 49 пайызға төмендетілді. «Ақмола-Диірмен» ЖШС бойынша қатысушылардың болмауынан аукцион өткен жоқ.

Елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің төрағалығымен өткен Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның отырыс қорытындысы бойынша, 6 заңды тұлғаға қатысты бірқатар шешімдер қабылданды. Осылайша, «Көркем - құйма комбинаты» ШЖҚ МКК мен «УКЦ «Стоматология» ЖШС-ны тендер арқылы жүзеге асыру шешілді. 

«Астана қалалық жарық» ЖШС-ның 1,6 млрд теңге көлемінде несиелік қарызы бар. Осыған байланысты Энергетика басқармасы 5 шілдеге дейін жекешелендіруді өткізу әдісі жөнінде ұсыныс жасауы тиіс. «Опера және балет театры» ЖШС «Өркен қала» ЖШС-ға қосылу арқылы қайта құрылады. Өз кезегінде «Астана қала құрылысы мониторингі» ЖШС «Астанақалалықархитектура» ЖШС-ға қосылады. «Астана» спорттың ойын түрлері клубы» МКҚК-ға қатысты қалған активтерді шығару ұсынылды.

Қалған үш нысан - «Астана-Өрнек» ЖШС, «Астана Эко-полигон» МКК, «Арман» спорттық-сауықтыру лагері» МКҚК бойынша әзірге бағалау жұмыстары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар