Биыл Алматы облысында 400-ден аса адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері тұрғындарды қыс мезгілінде жолда өте сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл жыл басынан бері облыс жолдарында 400-ден аса адам қаза тауып, 2000-нан астамы түрлі жарақат алған.

«Мейлі сен көлік жүргіз, мейлі жаяу жүргінші бол жауапкершілік жүгі бәріне бірдей»,- деді брифинг барысында облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Шыңғыс Сабыров.

null  

Биыл жаяу жүргіншінің кінәсінен өңірде 203 көлік апаты тіркелді. Оның 25 жағдайында жаяу жүргіншілер мас болған. Ал облыс аумағында ең апатты, қауіпті аймақ деп «Алматы-Бішкек», «Алматы-Көкпек-Көктал» және «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар жолдары белгіленіп отыр. Сондай-ақ тәртіп сақшылары авто және таксопарктерде кадр саясатын қатаңдатуды талап етуде.

Себебі тек қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 2016 жылы өңірде 28 жол-көлік оқиғасы болған. Ол жерде 10 адам қаза тауып, 50-ден астамы түрлі дене жарақаттарын алған. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, көп жағдайда он және одан да көп жолаушы таситын автобустарды тәжірбиесі мен жүргізушілік өтілі аз азаматтар тізгіндейді.

Соңғы жаңалықтар