Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және көлік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 6 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылады. Ақы алу жүйесі 5,8 шақырым жолға енгізіледі», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның көрші елдермен темір жол легін өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

«Қазақстан-Қытай және Қазақстан-Өзбекстан бағыттары бойынша темір жол легін өткізу қабілетін арттыру және «тар орындарды» алып тастау үшін Достық-Мойынты, Мақтарал-Дарбаза және Алматы стансасын айналма учаскелерге арналған темір жолдарды салу және жаңғырту жұмыстары басталатын болады», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар