Биыл 200 мектептің құрылысы аяқталады - ҚР Премьер-Министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 200 мектептің құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту үшін биылғы жылдың соңына дейін 1 015 мектеп жаңғыртылып, 200 мектептің құрылысы аяқталады. 14,3 мың орынға арналған 48 жатақхана пайдалануға беріледі», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, ғылымды дамыту мақсатында ғалымдардың тағылымдамасы үшін 500 грант, ғылыми жобалар үшін 1000 грант беріледі.

«535 колледж, 5,5 мың кәсіпорын мен ұйымдар дуальді оқытумен қамтылады, жалпы студент саны – 58 мың», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар