Биыл 20 ауылда амбулаториялық-емханалық ұйым ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 20 ауылда амбулаториялық-емханалық ұйым ашылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мәселен, Президент тапсырмасы бойынша тірек және спутниктік елді мекендерді дәрігерлік амбулаториялармен және фельдшерлік-акушерлік пункттермен қамтамасыз ету үшін түгендеу жүргізіліп, 69 ауылда амбулаториялық-емханалық ұйымдар ашу қажеттілігі айқындалды. Былтыр 12 нысан пайдалануға берілген болатын. Биыл 20 нысан ашу жоспарлануда. Келесі жылы 37 нысан ашу көзделіп отыр отыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің дерегінше, 2025 жылға қарай 500 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысан құрылысы жоспарланған. Бұл жұмыстар қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар барлық денсаулық сақтау ұйымдарына, оның ішінде босандыру және реанимация қызметтеріне медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізілді. Ол бойынша осы жылдары медициналық техника сатып алуды қаржыландыру мәселесі қарастырылып, бұл жұмыс бойынша да барлық ауруханалар керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі», - деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар