Биыл 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба іске асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) қолдау тетіктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қарашасында Қазақстанның IX Азаматтық форумын өткізуді жоспарлап отырмыз. Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды белсенді етуде мемлекеттің сенімді серіктесі болып тыр. Осыған байланысты министрлік ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау тетіктерін дамыту арқылы оның тұрақтылығын арттыру бойынша жұмысты жүргізуде», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Осы орайда ол жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру аясында әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көлемі артып отырғандығын жеткізді.

Айта кетейік, 2016 жылдан бері гранттық қаржыландыру 9 еседен астам артты. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2020 жылы жалпы сомасы 18 млрд теңгеге 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба іске асырылатын болады.


Соңғы жаңалықтар