Биыл 18 млн теміржол билеті сатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 10 айында 18 млн-нан астам теміржол билеттері сатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабарлайды.

«1 шілдеден бастап электронды билет сатудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол отандық «Мобиус» фискалды компьютерлік бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр. Жаңа жүйе бойынша бір бағытқа бір мезетте 5 реттен артық тапсырыс берген кезде касса белгілі бір уақытқа (5 минутқа) бұғатталады, яғни жүйеге түскен билетті лезде «қағып» алу енді мүмкін емес, сондай-ақ қайтарылған және бронь бойынша пайдаланылмай қалған билеттер тікелей Күту парағына түседі. Және де билеттерді сату көздері ұлғайды (интернет -сайт, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, пошта бөлімшелері арқылы). Осының бәрі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату кезінде теріс пайдалану фактілерін болдырмауға мүмкіндік берді», - делінген компания хабарламасында.

Шілде айынан қазан айына дейін жолаушылар 76 611 билет сатып алған.

«Ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап орын брондау фактісін растау бойынша SMS-хабарлама енгізілді. Жалпы 2019 жылдың 10 айында 18 млн 021 мың билет сатылды», - деді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар