+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

2020 жылғы 24 наурыз 19:40
Бөлісіңіз:
Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елде құрылыс материалдарына сұраныс өте жоғары – Асқар Мамин Жалға берілетін тұрғын үймен 12 600 отбасы қамтамасыз етіледі Түркістанда биыл 15 нысан тапсырылмақ

«Тұрғын үй құрылысы саласында көлемді арттыру жоспарланған. Өткен жылмен салыстырғанда 2 млн шаршы метр баспана артық пайдалануға берілетін болады. Барлығы 15 млн шаршы метр салынады. Бұл Петропавл немесе Қызылорда сынды қаланың тұрғын үй қорынан көп. Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың қазақстандық жұмыс істейді. Біз жұмыс орындарын тек сақтап қоймай оны 15 мыңға көбейтеміз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, жол құрылысы саласында жоспарланған ірі жобалардың барлығы толық көлемде жүзеге асырылады.

«Олар - Талдықорған-Өскемен автожолының 763 шақырымы, Қарағанды-Балқаш-Қапшағай тас жолының 645 шақырымы, Қалбатау-Майқапшағай жолының 415 шақырымы, Мерке-Бурылбайтал жолының 266 шақырымы. Құрылыс жұмыстарына 200 мың адам жұмылдырылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында тек қазақстандық жол-құрылыс материалдары қолданылады», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тұрғын үй, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT