+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Биыл 1378 қандасымыз елге оралып, солтүстік облыстарға қоныстанады

2020 жылғы 7 ақпан 13:48
Бөлісіңіз:
Биыл 1378 қандасымыз елге оралып, солтүстік облыстарға қоныстанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет оралмандарды қабылдауға осыншама өңірлік квота бөлді. Бұл туралы Қазақ радиоларының Жаңалықтар қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда Қытайдан келген қандастар тұрып жатқан үйлер жөндеуге мұқтаж - әкімдік Қандастарға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығы ұсынылмақ Нью-Йоркте мейрамхана ашқан қазақ қызы: Головкин мен Димаштың жанкүйерлері бізден тамақтанады

Қандастардың 500-і - Павлодар облысына, 350-і - Қостанай облысына, 258-і - Ақмола облысына, 150-і - Шығыс Қазақстан облысына, 120-сы - Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келмек. Өңірлер бойынша бөлінген квота саны осындай. Квота саны өткен жылмен салыстырғанда азырақ. Мәселен, 2019 жылы 2 мың 31 өңірлік квота бекітілген.

Азаматтарды халық саны аз өңірлерге орналастыру мақсатында Үкімет 2016 жылдың 18 ақпанында оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы қаулы қабылдаған.

Қандастарымызға аталған өңірлерге қоныстануына байланысты материалдық көмек беріледі. Отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК немесе 92 мың 800 теңге біржолғы төлем төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Көші қон қызметін мониторингілеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұловтың айтуынша, тұрғын үйді жалға алу, сондай-ақ, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай ішінде отбасына 15-тен 30 АЕК немесе 6 мың 100-ден 72 мың 200 теңге көлемінде қаржы төленеді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, ақын Ауыт Мұқибектің сөзінше, оралмандарға өңірлік квота бөлу - құптарлық жайт, алайда тетіктері әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, былтыр 17 мың 661 азамат тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған. Жалпы тәуелсіздік жылдары елге 1 млн 57 мың 280 этникалық қазақ оралған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қандастар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT