+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Биыл 12 елде қазақ тілін үйрететін 31 онлайн-сынып ашу керек - Дәурен Абаев

2020 жылғы 27 қаңтар 11:44
Бөлісіңіз:
Биыл 12 елде қазақ тілін үйрететін 31 онлайн-сынып ашу керек - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ана тілім - ардағым: Шетелдегі қазақ балалары арасында өткен байқау мәресіне жетті ҚР Президенті: Білім жүйесін жаңғырту мәселелері Ұлттық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізіледі Дәурен Абаев Президенттің Мюнхенге сапары туралы: Еліміздің даму стратегиясын көрсететін жақсы мүмкіндік

«Қандастарды қолдауды одан әрі жалғастыру мақсатында биыл әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары кешенінің нақты пайымдауын жасау керек. Біріншіден, Отандастар форумын және Шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізу қажет. Екіншіден, 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-кластарын және кемінде 7 елде қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашу керек», - деді министр.

Дәурен Абаев үшіншіден, «қандастар» мәртебесін бір терезе принципі бойынша беруге арналған қызметті іске қосу қажеттігін айтты.

«Вице-министр Марат Әзілхановқа биыл конфессияаралық және этникааралық қатынастар саласындағы барлық міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT