Биыл 10 айында жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 10 айында жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік экономика мен саудада белгісіздік сақталуда. Халықаралық қаржы ұйымдарының 2020 жылға арналған жаңартылған болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуі минус 4,4-тен минус 7,6 пайыз, әлемдік сауда – минус 7-тен минус 10,6 пайыз аралығында бағаланады. Жаһандық инвестициялар осы жылғы бірінші жартыжылдықта 2 есеге төмендеді. Жекелеген елдерде қайта шектеу шаралары енгізілді», - деді ол.

Осы ретте министр биылғы 10 айда Қазақтан экономикасында қандай өзгерістер байқалғанына тоқталды.

«Өндіруші емес секторларға салынған инвестициялар ұлғайды. Нақты секторда өсу сақталуда. Қызметтер саласы тұрақтанды және экономиканы кредиттеу ұлғаюда. Қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда қызметтер саласы өсуде. Алайда шектеулік салалары әлі де теріс әсер етуде», - деді Руслан Дәленов.

Оның дерегінше, 10 айдың қорытындылары бойынша тауарлар өндірісі 1,9 пайызға өсті. Бұл ретте, қызметтер көлемі 6,1 пайызғае қысқарды.

«Нәтижесінде жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға төмендеді. Жылдық инфляция 7,1 пайызды құрады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар