+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Бішкекте Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті

2018 жылғы 24 наурыз 21:50
Бөлісіңіз:
Бішкекте Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Қырғыз Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың, министрліктер мен ведомстволардың, Қырғызстан халқы ассамблеясының, қазақ диаспорасының, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қырғызстан қоғамдық-саяси және іскер топтарының 150-ден астам өкілдері, сондай-ақ қазақ инвесторлары қатысты.

Тұсаукесерде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Карим Көкірекбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы кеңесшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, экономика ғылымдарының докторы С.Пірімбетов, Қырғыз-Қазақ университетінің ректоры, профессор, педагогика ғылымдарының докторы А.Қазмағамбетов, «Қырғыз туусу» газетінің жауапты хатшысы, «Әлем жазушылары одағының мүшесі» Н.Байжігітов баяндама жасады.

null

Қазақстан Елшісі К.Көкірекбаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында дамудың «қазақстандық моделінің» негізгі қағидаттары, тетіктері мен қозғаушы күші баяндалғанын, елде тоталитарлық жүйе құлап, нарықтық экономика қалыптасқан жаңғыртудың үш толқыны сипатталғанын атап көрсетті.

«Кітаптың басты ерекшелігі - оқиғалар осы тарихи құбылыстар мен үдерістердің белсенді қатысушысы - біздің Елбасымыздың атынан баяндалады», - деді ол.

Елші кітап Президенттің жаңа технологияларды енгізуге екпін берілген кейінгі Жолдауымен, сондай-ақ ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы ұсынған «Президенттік бес әлеуметтік бастамамен» ұштасып жатыр деген пікір білдірді.

Басқа сөз сөйлеушілер де жаңа Қазақстанның негізгі қалыптасу кезеңдеріне, дамудың қазақстандық моделіне назар аударды. Атап айтқанда, С.Пірімбетов еліміз қол жеткізген жетістіктер жеңілдікпен келмегенін, мұның бәрі ғылыми негіздемелерді, еліміздің ауқымды жаңғыруының қатысушылары - барлық қазақстандықтардың күш жұмылдыруын, саяси құрылысты қайта қалыптастыруды, этносаралық қатынастарды жетілдіруді, тіршіліктің барлық салаларында сапалы реформалардың іске асыруын талап еткенін баса айтты. Мұның бәрі Президенттің кітабында оқырманмен еркін сұхбат түрінде өрбитінін айтты.

Әр адамға қарапайым да түсінікті тілмен жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының бірегей тарихи құжат ретіндегі құндылығына Қырғыз-Қазақ университетінің ректоры А.Қазмағамбетов айрықша екпін берді.

«Қазіргі заманғы кадрларды даярлауға жауапты жоғары оқу орнының ұжымы Қазақстан дамуының қорытындысы жасалған кітаптың жарыққа шығуын үлкен қызығушылықпен қабылдады. Білім алушы жастар үшін аталған еңбектің құндылығы ерекше, себебі онда әлі ешбір оқулықтарға енбеген елдің даму тарихы туралы маңызды ақпараттар жетерлік», - деді ол.

null
Сонымен қатар, «Кыргыз туусу» газетінің жауапты хатшысы кітапта, әсіресе 140 ұлт және 17 конфесссия өкілдері елдің көшбасшысы төңірегіне қалай топтасып, келіспеушіліктер мен қайшылықтарды қалай болдырмағанын, сөйтіп барша ұлттар мен ұлыстардың қарыштап дамып жатқаны қамтылғанын мәлімдеді.

Сөз соңында К.Көкірекбаев іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынасына және Қырғызстанмен екіжақты қатынастарға арналған бөліміне, олардың екіжақты қарым-қатынастарды дамыту аясындағы өзектілігіне назар аудару қажет екенін айта отырып, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы біздің еліміздегі және шет елдердегі оқырмандардың ауқымды тобы үшін қызықты екенін атап өтті.

Қонақтар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының қазіргі заманғы саясаттану саласындағы рөлі мен орнына жоғары баға берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT