Бішкекте алғаш рет коронавирусты қайта жұқтыру жағдайлары анықталды

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бішкекте COVID-19 вирусына қайта жұқтырудың 2 жағдайы анықталды. Бұл туралы қаланың Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының (МСЭҚО) бас дәрігері Кубан Кундашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бас дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта қайта анықталған коронавирус жағдайлары мен ауруханадан тыс пневмонияның саны туралы нақты мәліметтер жоқ.

«Бірақ ел астанасында ресми түрде расталған коронавирусты қайта жұқтырудың екі жағдайы анықталған. Бірақ менің білуімше, олардың саны жетіге жеткен болуы керек», - деді ол.

Сондай-ақ орталық басшысы қайта жұқтырудың алғашқы оқиғасы ер адамнан зертханалық түрде анықталғанын, екінші корнавирусқа қайта шалдыққан қала тұрғыны ауруханадан тыс пневмониямен ауырып шыққанын айтты. Оның бұрын ауру өршіп тұрған кезде өкпесі 25%-ға зақымданса, қазір 65%-ға жеткен.


Соңғы жаңалықтар