Бішкек мейрамханасында жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте мейрамхана қонақтарының жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Кабар қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256 (санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің бұзылуы) және 258 (қауіпсіздік талаптарына сай емес тауарларды сату немесе өндіру, қызмет көрсету) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Материал Октябрь аудандық ІІД-де тіркелді», - делінген хабарламада.

Қажетті сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі.

Бішкекте «Ала-Тоо» мейрамханасына 20 мың сом айыппұл салынып, уланудың мән-жайы анықталғанға дейін жабылды. Бұдан бөлек ғимараттың әкімшісіне 5 мың сом айппұл салынды.

Еске салайық, 30 наурыз күні Бішкектегі «Ала-Тоо» мейрамханасында адамдар жаппай уланып, 173 адам зардап шекті. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, зардап шеккендердің ішінде 100 адам, соның ішінде 19 бала ауруханада жатыр.

Соңғы жаңалықтар